Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

02.03.2025

«Барыс» бүгін Ресейде «Трактормен» кездеседі

«Барыс» бүгін Ресейде «Трактормен» кездеседі

Фото: «Барыс» хоккей командасы

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 2 наурызда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өткізеді.

Ойын елорда уақытымен 16:00-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 60 мәрте кездескен. Оның 31-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі бес кездесудің барлығында қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Қазір турнир кестесінде «Барыс» 31 ұпаймен 23-орында тұрса, «Трактор» 84 ұпаймен 2-орында келеді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан