02.03.2025
Евгений Кошкин әлем кубогында чемпион атанды
Қазақстандық конькиші Евгений Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өткен конькимен жүгіру спорты бойынша әлем кубогының финалдық кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Ол 500 метрлік жарыста 34,46 секунд нәтижесін көрсетіп, барлық қарсыласынан озып шықты.
Осы маусымда Кошкин Польшада өткен әлем кубогы кезеңінде де жеңіске жеткен болатын. Ал Херенвендегі алғашқы жарыста 500 метрлік қашықтықта қола медаль алып, жеке рекордын жаңартқан еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов