Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

03.03.2025

«Странджа» турнирі: Қазақстан медаль кестесінде топ бастады

«Странджа» турнирі: Қазақстан медаль кестесінде топ бастады

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Болгарияның София қаласында 76-шы рет ұйымдастырылған халықаралық «Странджа» турнирі өз мәресіне жетті.

Ерлер арасындағы сында медаль жиынтығы бойынша Қазақстан құрамасы алдына жан салмады. Отандастарымыз кіші әлем чемпионаты саналатын турнирде 5 алтын, 9 күміс және 4 қола жүлде жеңіп алды.

Екінші орынға Өзбекстан құрамасы тұрақтады. Ала шапанды ағайындардың қоржынында 5 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль бар.

Ал үздік үштікті Болгария құрамасы түйіндеді. Жарыс иелерінің атынан сынға түскен боксшылар аталған турнирде 2 алтын және 3 қола жүлдені иеленді.

Айта кетейік, ел құрамасы 2021 жылы Сербияның Белград қаласында өткен әлем чемпионатынан бері алғаш рет медаль кестесінде Өзбекстанды артта қалдырды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан