Матч орталығы
ВХЛ Хоккей ВВС ВВС 6:4 Аяқталды Молот Молот ВХЛ Хоккей Нефтяник Нефтяник 3:4 Аяқталды Торос Торос КХЛ Хоккей Ак Барс Ак Барс 3:2 Қос. уақытта Лада Лада ВХЛ Хоккей Калуга Калуга 6:0 Аяқталды Тамбов Тамбов ВХЛ Хоккей Рязань Рязань 4:3 Қос. уақытта Дизель Дизель Челленджер Сан-Диего 2 Теннис Олукайоде Айени Олукайоде Айени 0:2 Аяқталды Эван Жу Эван Жу Челленджер Сан-Диего 2 Теннис Якуб Врба Якуб Врба 0:2 Аяқталды Спенсер Джонсон Спенсер Джонсон Челленджер Сан-Диего 2 Теннис Озан Барис Озан Барис 2:1 Аяқталды Алекс Рыбаков Алекс Рыбаков Челленджер Генуя 2 Теннис Хуан Крус Мартин Мансано Хуан Крус Мартин Мансано 2:0 Аяқталды Самуэль Пиери Самуэль Пиери Еуропа чемпионаты Волейбол Словения Словения 3:0 Аяқталды Сербия Сербия Сингапур женщины Теннис Мария Саккари Мария Саккари 16:40 Бүгін Линда Фрухвиртова Линда Фрухвиртова Суперкубок Турции Баскетбол Фенербахче Фенербахче 22:00 Бүгін Бешикташ Бешикташ Ұлттық лига Хоккей Лангнау Лангнау 22:45 Бүгін Лозанна Лозанна Лига Магнус Хоккей Англет Хормади Англет Хормади 23:30 Бүгін Шамони Шамони Челленджер Сан-Диего 2 Теннис Джек Кеннеди Джек Кеннеди 00:10 Ертең Лиам Драксл Лиам Драксл Челленджер Сан-Диего 2 Теннис Тайлер Зинк Тайлер Зинк 00:10 Ертең Федерико Агустин Гомес Федерико Агустин Гомес Челленджер Сан-Диего 2 Теннис Тимо Легу Тимо Легу 01:20 Ертең Даниэль Милавский Даниэль Милавский Лига АБА Баскетбол Борац Чачак Борац Чачак 23:00 Ертең Мега Мега Ла Лига Футбол Леванте Леванте 23:00 21.10 Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао Конференциялар лигасы Футбол Аталанта Аталанта 22:45 05.11 Қайрат Қайрат

27.03.2025

Ғұсман Қырғызбаев жапондармен қалай күресу керектігін айтты

Ғұсман Қырғызбаев жапондармен қалай күресу керектігін айтты

Дзюдодан Париж Олимпиадасының жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев өзінің қай балуандармен еркін күресетінін айтты. Одан бөлек, Ғұсман жапон дзюдошыларына қатысты ойын жеткізді. Бұл туралы ол Ақырыс Сейітқазыға берген сұхбатында айтты.

«Өзіме моңғол, грузин балуандарымен күрескен қатты ұнайды. Себебі, олардың күрес мәнері біздікіне ұқсайды. Көбіне тік тұрып күреседі. Мәселен, 60 келіде белдесіп жүргенімде мықты деген моңғол балуандарының бәрін жеңдім.
Ал Жапония, Оңтүстік Корея балуандарымен белдесу, расында, оңай емес. Оларға қандай әдіс жасасаң да, жауаптары дайын тұрады. Сәл қиыс кетсең, шалқаңнан түсіреді. Сол үшін оларды сындыру керек. Сөйтіп күресесің. Содан соң ғана, дамылдайды. Әйтпесе, қасқырға түскен тазы секілді, әбден сілкиді. Бұл балуандармен күресу үшін үлкен дайындық керек. Әсіресе, физикалық тұрғыдан мықты болу қажет.
Еуропалықтарға келер болсам, олардың физикалық әлеуеттері өте жоғары. Парижде қола медаль үшін күрескен серб балуанына да қатты таң қалдым. Шаршамайды екен. Белдесу аяқталған соң, қол алыстық . Сол кезде де ол бір деммен тұр. Дым шаршау жоқ», — дейді Қырғызбаев.

Айта кетелік, Ғұсман Қырғызбаев 60 келі салмақта әлем чемпионатының күміс, 66 келі салмақта Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.


Біздің серіктес: Sport12kz