Матч орталығы
Алматы мужчины Теннис Заңғар Нұрланұлы Заңғар Нұрланұлы 0:0 1-сет Томаш Махач Томаш Махач КХЛ Хоккей Адмирал Адмирал 14:30 Бүгін Барыс Барыс Алматы мужчины Теннис Стефанос Циципас Стефанос Циципас 19:30 Бүгін Михаил Кукушкин Михаил Кукушкин Эр-Рияд, выставочный турнир Теннис Александр Зверев Александр Зверев 21:30 Бүгін Тейлор Фриц Тейлор Фриц КХЛ Хоккей Спартак Спартак 21:30 Бүгін ЦСКА ЦСКА Чемпиондар лигасы Футбол Комо Комо 21:45 Бүгін Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед Чемпиондар лигасы Футбол Лилль Лилль 21:45 Бүгін Галатасарай Галатасарай Ла Лига Футбол Леванте Леванте 23:00 Бүгін Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао Чемпиондар лигасы Футбол Бетис Бетис 00:00 Ертең Фейеноорд Фейеноорд Чемпиондар лигасы Футбол Спортинг Спортинг 00:00 Ертең ЛАСК ЛАСК Чемпиондар лигасы Футбол Интер Интер 00:00 Ертең Шахтер Шахтер Чемпиондар лигасы Футбол Бавария Бавария 00:00 Ертең Арсенал Арсенал Чемпиондар лигасы Футбол Брюгге Брюгге 00:00 Ертең Ланс Ланс Чемпиондар лигасы Футбол Астон Вилла Астон Вилла 00:00 Ертең Викинг Викинг Чемпиондар лигасы Футбол Реал Мадрид Реал Мадрид 00:00 Ертең Лейпциг Лейпциг Нинбо женщины Теннис Елена Рыбакина Елена Рыбакина 10:00 Ертең Полина Кудерметова Полина Кудерметова Алматы мужчины Теннис Александр Бублик Александр Бублик 11:30 Ертең Фабиан Марожан Фабиан Марожан Конференциялар лигасы Футбол Қайрат Қайрат 19:30 Ертең Панатинаикос Панатинаикос Еуропа лигасы Футбол ОФИ ОФИ 21:45 Ертең Байер Байер Еуропа лигасы Футбол Штурм Штурм 21:45 Ертең Марсель Марсель

13.09.2024

Құсбегіліктен өткен жарыстың «Бүркіт салу» санатындағы жеңімпазы көлік мінді

Құсбегіліктен өткен жарыстың «Бүркіт салу» санатындағы жеңімпазы көлік мінді

Көшпенділер ойындары аясында «Құсбегілік» спорт түрі бойынша екі күн қатарынан өткен жарыс өз мәресіне жетті.

Тартысты доданың қорытындысы бойынша ұлттық құрама спортшылары 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медальді қанжығаларына байлады. 

«Бүркіт салу» санатында бірінші орынды ұлттық құрама мүшесі Серікбек Күнтуған «Алғыр» құсымен иеленді. 2 жаттығу бойынша өткен тартысты бәсекеде екінші орынға «Заңғар» құсымен Ерзат Байқадамов шықса, «қола» медальді құсбегі Арман Қошқаров «Нарын» атты бүркітімен еншіледі. 

«Қаршыға салу» санаты бойынша бірінші орынды «Найзатұяқ» құсымен астаналық Құдайберген Рауилұлы жеңіп алса, екінші орынға Қырғызстан спортшысы – Адильбек Құдайбердиев «Қарамоншақ» құсымен жайғасты. Ал ұлттық құрамамыздың тағы бір спортшысы – Бағдат Кеуенов «Сомбалақ» қаршығасымен қола медальді қанжығасына байлады.

«Ителгі салу» бойынша «алтын» және «күміс» медаль жүлдегерлері – Бакыт Шамуратулы және Түгелбай Абдыкадыров (Қырғызстан), «қола» медаль – ұлттық құрама мүшесі Бақдәулет Бабажанның еншісінде.  
Ұлттық спорт түрін қолдау және насихаттау мақсатында дүбірлі додада құсбегіліктен Қазақстан қоржынына медаль салған ұлттық құрама мүшелеріне Федерация президенті Берік Уәлиден арнайы сыйлықтар қарастырылған болатын. 

TAS Group компаниясы мен оның басшысы Дулат Тастекеевтің қолдауымен спортшылар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Үшінші орын үшін Арман Қошқаров, Бағдат Кеуенов және Бақдәулет Бабажанға 300 мың теңгеден, екінші орын үшін Ерзат Байқадамовқа 500 мың теңге сыйақы берілді. Ал «қаршыға салу» санаты бойынша бірінші орын иеленген Құдайберген Рауилұлына 1 млн теңге табысталды.

Q4 Tulpar Auto компаниясының басшысы Талғат Сакановтың қолдауымен Федерация «бүркіт салу» санатында жеңімпаз атанған Серікбек Күнтуғанға автокөлік кілтін сыйға тартты. Сондай-ақ компания басшысы «бүркіт салудан» екінші орын алған жерлесі Ерзат Байқадамовқа да өзінің атынан темір тұлпар табыстады.   

Бұдан бөлек, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясының атынан жеке спорт түрлерінде жеңімпаздарға – бірінші орын үшін 500 мың теңге, екінші орын иеленгендер – 300 мың теңге, қола жүлдегер – 200 мың теңгеге арнайы сертификаттар табысталды. 


Біздің серіктес: Sport12kz