3 күн бұрын

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Цифрлар мен деректер

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Цифрлар мен деректер

8-13 қыркүйек аралығында елордада Ұлы даланы дүбірге бөлеген 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дүркіреп өтті.

Жер-жаһанның 90-ға жуық мемлекетінен келген 2500-ге тарта спортшы бір аптаға жуық көшпенді халықтардың төл спортынан сынға түсіп, 97 медаль жиынтығын сарапқа салды. Бұл жөнінде Sport12 сайты ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан қоржынында қанша жүлде бар?

Алты күнгі аламанда Ұлттық құрама спортшылары 43 алтын, 32 күміс, 37 қола (жалпы 112 медаль) жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Ойындарда жалпы саны 33 елдің спортшысы медаль иеленді. Жүлде алған мемлекеттер қатарында мұхиттың арғы бетінен келген Канада мен Мексика өкілдері де бар.

Қазақ күресіне қанша спортшы қатысты?

Дүбірлі дода аясында төл күресімізден өткен жарысқа әлемнің 44 елінен 294 палуан бақ сынады. Бұл – қазақ күресінің дүниежүзі бойынша қарқынды дамып келе жатқанының айқын көрінісі. Жүлде алған елдер қатарында көрші мемлекеттерден бөлек, Еуропа палуандары да бар. Атап айтқанда, қазақ күресінен белдесулерде Италия, Польша, Мажарстан, Нидерланд спортшылары жүлдеге қол жеткізді.

Жанкүйері көп болған спорт түрі

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ең көп көрермен көкпар мен көкбөрі жарысына келді. «Қазанат» ипподромында өткен екі сайыстың да финалдық бәсекесін 20 мың (әр финалға 10 000 көрермен келді) жанкүйер тамашалады.

Ең көп спортшы алып келген елдер

Қазақстан құрамасының спортшыларын есепке алмағанда, биылғы ойындарға ең көп спортшыны Қырғызстан құрамасы қосты – 172 спортшы.

Ойындарға қатысқан ең жас спортшы - Хамза Амангелді. Аламан бәйгеде бақ сынаған Хамза небәрі 10 жаста.

Ең егде спортшы - 80 жастағы испаниялық Соледад Хименес Каррион. Ол дәстүрлі садақ ату сайысында өнер көрсетті.

Ойындарға қанша ерікті жұмылдырылды?

Спортшылар мен делегация өкілдеріне 1600 волонтер көмек көрсетті. Оның ішінде 20 шетелдік ерікті бар.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қанша жылқы мен құс қатыстырылды?

Көшпенділер ойындарында көп спорт түрі жылқылардың көмегімен ойналатын болған соң, биылғы додаға жалпы саны 499 бас жылқы қатысты. Оның ішінде 100 бас Ұлттық құраманың жылқысы, Ойындарды ұйымдастыру дирекциясы жылқысыз келген өзге елдердің қатысушылары үшін 300 бас жылқы жалға алған. Сондай-ақ, Қырғыз Республикасы – 91, Өзбекстан Республикасы – 8 бас жылқы әкелді.

Сонымен қатар жарыстарға әкелінген 41 құстың 9-ы ұлттық құрамаға, 8-і Қырғыз Республикасына тиесілі. 24 бас құсты өзге елдер үшін ҚР Құсбегілік федерациясы ұсынды.

«Астана» үздіктер қатарына жақындай түсті

Футбол 6 сағат бұрын

«Астана» үздіктер қатарына жақындай түсті

 Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте екі сатыға жоғарылады

Күрес 18 сағат бұрын

 Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте екі сатыға жоғарылады

«Бавария» Чемпиондар лигасында тоғыз гол соққан алғашқы команда атанды

Футбол 19 сағат бұрын

«Бавария» Чемпиондар лигасында тоғыз гол соққан алғашқы команда атанды

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Ливиямен кездеседі

Футзал 19 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Ливиямен кездеседі

«Барыс» жаңа маусымда алғаш рет жеңіске жетті

Хоккей 1 күн бұрын

«Барыс» жаңа маусымда алғаш рет жеңіске жетті

Бразилия алтыншы мәрте чемпион атана ма?

Футзал 1 күн бұрын

Бразилия алтыншы мәрте чемпион атана ма?