Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

23.03.2026

Қазақстан мен WADA допингке қарсы ынтымақтастықты күшейтті

Қазақстан мен WADA допингке қарсы ынтымақтастықты күшейтті

ҚР Туризм және спорт министрлігі Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікпен (WADA) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа қол қою рәсімі Польшаның Торунь қаласында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты аясында өтті. Меморандумға министр Ербол Мырзабосынов пен WADA президенті Витольд Банька кездесу барысында қол қойды.

Меморандум Қазақстанның таза спорт қағидаттарына берік екенін көрсетеді және Мемлекет басшысының халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен допингке қарсы саясатты жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға бағытталған маңызды қадам болып саналады.

WADA президенті Витольд Банька: «Қазақстанның өңірде таза спортты дамытудағы жетекші рөлі нығайып келеді. Біз Қазақстанмен ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз», — деді.

Кездесу барысында тараптар 2027 жылы Астанада WADA-ның Атқарушы комитеті мен Құрылтай кеңесінің отырыстарын өткізу мүмкіндігін талқылады. Ербол Мырзабосынов Қазақстанның адал бәсекелестік қағидатын ұстанатынын және допингке қарсы білім беру жүйесін белсенді дамытып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, қазақ ұлттық спорт университеті допингке қарсы саясаттағы білім беру және ғылыми инфрақұрылым хабы ретінде рөлін күшейтетіндігі, мамандар даярлау мен тәжірибе алмасуда тиімді алаңға айналатыны айтылды.

Еске сала кетейік, өткен жылы Мемлекет басшысы WADA президенті Витольд Баньканы II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттаған болатын. Биылғы меморандум екіжақты ынтымақтастықтың жүйелі түрде дамып келе жатқанын дәлелдейді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан