Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

27.03.2026

Ербол Хамитовқа «ҚР спорт шебері» атағы берілді

Ербол Хамитовқа «ҚР спорт шебері» атағы берілді

Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов XIV қысқы Паралимпиада ойындарының пара биатлон бойынша чемпионы Ербол Хамитовпен және оның бапкерлерімен кездесіп, жоғары жетістіктері мен ел намысын халықаралық аренада қорғағаны үшін марапаттады.

Кездесу барысында министр Ербол Хамитовқа «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағын беру туралы құжатты табыс етті. Хамитов – бір Паралимпиадада бірден екі медаль жеңіп алған жалғыз қазақ параспортшысы. Сонымен қатар, ол тарихта алғаш рет Хрусталь глобустың иегері атанып, пара биатлон бойынша Әлем кубогының жалпы есепте жеңіске жетті.

Айта кетейік, Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен Паралимпиадада Хамитов Қазақстан құрамасы қоржынына алтын медальді пара биатлоннан, ал қола медальді пара шаңғы жарыстарынан қосты.

Сонымен қатар, министр Хамитовтың бапкерлері Аслан Тоқбаев, Василий Коломиец және Антон Ждановичті құрмет грамоталарымен марапаттады. Бір күн бұрын Елбасы Ербол Хамитовқа «Барыс» ордені III дәрежесін табыс етіп, Василий Коломиец пен Антон Ждановичті «Парасат», ал Аслан Тоқбаевты «Құрмет» ордендерімен марапаттаған болатын.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан