01.04.2026
Руслан Амангелдіұлы Сергазин: спорт инфрақұрылымына ерекше назар аударылуда
Фото: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Қазақстанда спорттық инфрақұрылымды жаңғырту мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан бірнеше рет стратегиялық басымдық ретінде айқындалған. Бұл бағыт елдегі бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға тікелей ықпал етеді. Ал қазіргі таңда бұл жұмыс қалай жүзеге асырылып жатыр? Осы және өзге де сұрақтар төңірегінде Sport12.kz. Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Руслан Амангелдіұлы Сергазинмен сұхбаттасты.
– Руслан Амангелдіұлы, спорттық нысандарды жаңғырту және жаңадан салу бойынша қандай бағдарламалар жүзеге асырылуда?
– Министрлік тарапынан бекітілген Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бар. Соған сәйкес халықтың 1 000 адамға шаққанда спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу қазіргі уақытта 59,6% құрауда. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 2029 жылы 65%-ға дейін жеткізу жоспарланған.
Спорттық нысандарды жаңғырту және жаңадан салу жұмыстары республикалық, жергілікті, мемлекеттік-жеке әріптестік, бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылады.
- Бірер жыл бұрын министрлік аймақтардағы құрылыс нысандарын сұрыптау-саралау жұмыстарын жүргізген болатын. Бұл арқылы қандай шешімдер қабылданды?
– 2023 жылы Министрлік республика бойынша спорт нысандарын түгендеу жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді 2027 жылдың соңына дейін жою жөнінде іс-шаралар жоспарын бекітті.
Осы іс-шаралар жоспарына сәйкес есепті кезеңде спорт нысандарын салу және қайта құру, сондай-ақ ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда, 132 спорт нысаны салынды, 67 нысанның құрылыс жұмыстары жалғасуда.
56 спорттық нысанның ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, ал 16 спорттық нысан бойынша жұмыстар жалғасуда.
– Кеңес өкіметі заманында салынған, тозы жеткен ғимараттар көп. Оларды заман талабына сай жаңғырту мүмкін бе?
– Бүгінгі күні еліміз бойынша спорт инфрақұрылымына ерекше назар аударылуда. Тозығы жеткен спорт нысандарын заман талабына сай жаңғырту спорттың әр түріне сәйкес талаптарды және құрылыс нормаларын сақтай отырып жаңғырту мүмкін және ол жұмыстар барлық деңгейде жүргізілуде.
– Ауыл адамдары үшін қол жетімді ғимараттар бар ма? Қазір не істелді?
– Жыл сайын еліміз бойынша салынған спорттық ғимарттар мен нысандардың басым бөлігі ауылдық аймақтарда бой көтеруде. Мысалға айтар болсақ, 2024 жылы 90 спорт нысаны пайдалануға берілсе, оның 61-ауылдық жерлерде 29-қалалық жерлерде салынды. Ал 2025 жылы Республика бойыншабой көтерген 147 спорт нысанның 107-ауылдық жерлерде, қалған 40 нысан қалалық жерлерде қолданысқа берілген болатын. Осыдан-ақ, ауылдық жерлерге беріліп жатқан басымдықты байқауға болады.
- Біздің елде кеңінен бұқаралық сипат алған спорт түрі футбол. Бізде алаңдар жеткілікті ме?
– Әрине спортқа деген қызығушылық артқан сайын, спорттық нысандарға деген сұраныста арта түсетіні сөзсіз. Бүгінде Республика бойынша 29 негізгі стадион және 7 432 футбол алаңы бар.
Елімізде 16 жаңа стадионғажәне1 694 футбол алаңына қажеттілік бар. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан 6 стадион бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауға дайындық жұмыстары және 7 жаңа стадион бойынша жобалау-сметалық жұмыстаржүргізілуде.
Туризм және спорт министрлігі балалар футбол алаңдарын салу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Қазіргі уақытта жергілікті бюджет пен жеке инвестициялар есебінен 685 жобаны іске асыру басталып кетті. Бүгінгі күні соның 520-і салынып, пайдалануға берілді.
– Алдағы уақытта қандай ауқымды инфроқұлымдардың ашылуын тамашалай аламыз?
– Елордада 3600 орындық «Қажымұқан Мұңайтпасов» атындағы стадионның құрылысы аяқталуға жақын. Нысанды 2026 жылдың сәуір айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Жалпы, тек 2025 жылдың өзінде еліміз бойынша 147 спорт нысаны пайдалануға берілсе, 2026 жылы тағы 121 нысанды іске қосу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, 2026–2028 жылдарға арналған жол картасы аясында бюджеттен тыс қаражат есебінен 86 ірі жоба жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлерде инклюзивті спорт орталықтарының құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Ағымдағы жылы елімізде 2 орталық ашу жоспарланған, 2028 жылдың соңына дейін 18 нысан ашу жоспарланған. Бұл бастама ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін спортқа қолжетімділікті арттырып, әлеуметтік маңызы зор инфрақұрылымды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан