Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

12.05.2026

Жазда Қазақстанда әлемдік деңгейдегі спорт додалары өтеді

Жазда Қазақстанда әлемдік деңгейдегі спорт додалары өтеді

Қазақстанда жаз айларында бірнеше ірі халықаралық спорт жарысы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.

Осыған байланысты министрлікте Астана, Түркістан, Шымкент және Ақтау қалаларында өтетін халықаралық турнирлерге дайындық мәселелері талқыланды. Жиында спортшылар мен жанкүйерлердің қауіпсіздігі, спорт нысандарының дайындығы, логистика, медициналық қызмет көрсету және шетелдік делегацияларды орналастыру мәселелеріне басымдық берілді.

Кеңес барысында Астанада өтетін боччадан Әлем кубогіне дайындық сөз болды. Аталған жарысқа 25 елдің спортшылары қатысады. Сонымен қатар байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионаты, таеквондодан (WT) халықаралық турнирлер, жеңіл атлетикадан XXXV Ғұсман Қосанов мемориалы, кураштан әлем чемпионаты және WKF каратэден Орталық Азия чемпионатын өткізуге дайындық мәселелері қаралды.

Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев мұндай жарыстар Қазақстанның халықаралық спорттағы беделін арттырып, инфрақұрылымды дамытуға және бұқаралық спортты насихаттауға ықпал ететінін айтты.

Кездесу қорытындысында жауапты мекемелер мен ұйымдастырушыларға халықаралық жарыстарды жоғары деңгейде өткізу бойынша нақты тапсырмалар берілді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан