01.06.2026
Михаил Шайдоровдың келісімшарт мәселесі шешілді
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Михаил Шайдоровқа қатысты жағдайға түсініктеме берді.
Вице-министр Серік Жарасбаевтың айтуынша, келісімшарт спортшының командасына жолданып, тараптар құжатқа қол қойған. Барлық рәсім заң талаптарына сәйкес жүргізілген.
Министрлік келісімшартта қарастырылған қаржы толық көлемде төленетінін мәлімдеді.
Сондай-ақ 5 маусымда Михаил Шайдоров жаңа маусымға дайындық үшін АҚШ-қа аттанады. Ал жақын күндері спортшы өз командасымен бірге Туризм және спорт министрлігінде болып, алдағы жоспарлар мен Олимпиадаға дайындық мәселелерін талқылайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан