Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Ербол Мырзабосынов: Олимпиада чемпионы атанған спортшыға толыққанды қалпына келуіне жағдай жасаймыз

Ербол Мырзабосынов: Олимпиада чемпионы атанған спортшыға толыққанды қалпына келуіне жағдай жасаймыз

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Олимпиада чемпиондары мен ұлттық құрама спортшыларына көрсетілетін қолдау туралы пікір білдірді.

«Егер спортшы Олимпиада чемпионы атанып, еліміздің туын көкке көтеріп, Әнұранымызды шырқатса, біз федерациялармен және серіктестермен бірлесе отырып, оның толыққанды қалпына келуіне әрі сапалы демалуына жағдай жасаймыз. Бұл қолдау халықаралық жарыстарда жүлде алған спортшыларға ғана емес, ұлттық құрама сапындағы спортшыларға да белгілі бір деңгейде қарастырылған», – деді министр.

Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.

«Барлық өңірде спорт саласын дамытуға арналған бюджет қарастырылған. Ұлттық құрамадағы әрбір спортшы белгілі бір өңірдің өкілі болғандықтан, республикалық бюджеттен бөлек, жергілікті әкімдіктер тарапынан да қолдау алады. Оның ішінде жалақы, емделу, қалпына келу және өзге де қажетті шығындар бар», – деді Ербол Мырзабосынов.

Министр сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында спорт саласындағы басқару жүйесі жетілдіріліп жатқанын айтып, бүгінде спортшылардың жалақысы екі есеге дейін артқанын атап өтті


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан