Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 күн бұрын

Бибісара Асаубаева спорт министрлігінің жұмысына көңілі толмайтынын айтып, Мемлекет басшысына үндеу жасады

Бибісара Асаубаева спорт министрлігінің жұмысына көңілі толмайтынын айтып, Мемлекет басшысына үндеу жасады

Шахматшы Бибісара Асаубаева спорт саласындағы қолдау жүйесіне көңілі толмайтынын айтып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жасады.

Спортшының айтуынша, жақында өткен Norway Chess Women 2026 турнирінде жеңіске жеткеніне қарамастан, жарыс алдындағы дайындық жеке қаражат есебінен жүргізілген. Сондай-ақ ол секунданттар мен аналитиктердің еңбекақысы әлі төленбегенін мәлімдеді.

Асаубаева спорт министрлігі тарапынан көрсетілетін қолдаудың жеткіліксіз екенін, жалақысының бірнеше есе қысқарғанын және бірқатар қаржылық міндеттемелердің орындалмағанын атап өтті. Сонымен қатар ол өзіне берілген мемлекеттік марапатты да әлі күнге дейін ала алмағанын жеткізді.

“Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Мен халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаевамын. Әлемдік рейтингте бесінші орында тұрмын. Алдымда тек төрт қытайлық шахматшы бар. Қалғандарының барлығын артта қалдырдым. Сізге Мемлекет басшысы ретінде көмек сұрап жүгінуге мәжбүрмін.
Бүгін әлемдегі ең мықты турнирлердің бірі аяқталды. Мен жарыстың аяқталуына бір тур қалғанда чемпион атандым. Алайда осы маңызды жарыс алдындағы оқу-жаттығу жиындары өзімнің жүлде қорым мен ата-анамның қаражатына ұйымдастырылды. Ал маған көмектескен секунданттар мен аналитиктердің еңбегі әлі күнге дейін төленген жоқ.
Сіздің сөзіңізбен айтқанда, мен еліміздің алтын қорына жатамын. Бірақ бұл медальдар маған зор еңбекпен, денсаулықпен және төзіммен келіп жатыр. Соған қарамастан Қазақстанның туын халықаралық аренада абыроймен көтеріп келемін.
Жыл сайын түрлі қиындықтарға тап боламын. Спорт министрлігімен жұмыс істеу барған сайын қиындап барады. Шахматтан әлем чемпионы атанғаны үшін төленетін сыйақы екі мың доллар ғана. Ал Олимпиада жүлдесі үшін 250 мың доллар қарастырылған. Қазақстанда менен басқа ересектер арасындағы әлем чемпионы жоқ.
2023 жылы әлем чемпионатындағы екінші алтын медалімнен кейін министрлік желісі арқылы бір миллион теңге көлемінде жалақы алып келдім. 2025 жылы министр Ербол Мырзабосынов қызметке келгеннен кейін менің жалақым үш есеге қысқарды. Қазақстан шахмат федерациясынан ешқашан жалақы алған емеспін. 2025 жылдың соңында блицтен үшінші рет әлем чемпионы атанып, үміткерлер турниріне жолдама алдым. Бірақ осы жетістіктен кейін де Спорт министрлігі тарапынан төленетін жалақы өзгерген жоқ. Қаңтар айында бапкеріммен бірге министрмен кездесіп, қаржыландырудың жеткіліксіз екенін айттық.
Қаңтар айында бапкеріммен бірге министрмен кездесіп, бөлінетін қаражаттың жеткіліксіз екенін айттық. Бізге "Sport Qory" қоры арқылы міндетті түрде көмек көрсетілетіні айтылды. Өтінім бергенімізбен, қаржының тек бір бөлігі ғана бөлінді. Соның салдарынан секунданттарым қашықтан жұмыс істеуге мәжбүр болды. Мен осындай маңызды турнирге секунданттарын бірге апара алмаған жалғыз шахматшы болдым.
Кейін министрдің тапсырмасымен қайта өтінім бердік. Вице-министр өтінімнің мақұлданғанын хабарлады. Бірақ арада біраз уақыт өткен соң қор басшылығынан ешқандай түсініктемесіз бас тарту жауабы келді.
2025 жылғы 30 желтоқсандағы Жарлығыңызбен маған II дәрежелі "Барыс" ордені берілді. Алайда оны алу үшін Астанаға үш рет барғаныммен, әр жолы рәсім кейінге шегерілді. Бүгінге дейін марапатты қолыма алған жоқпын.
Біз сәуір және мамыр айларында Сіздің атыңызға "Е-Өтініш" жүйесі арқылы үш мәрте хат жолдадық. Әлі күнге дейін жауап жоқ. Осы хаттарды министрге де WhatsApp арқылы жібердік. Бірақ жауапсыз қалды.
Алда маңызды жарыстар, оқу-жаттығу жиындары және үлкен мақсаттар тұр. Осындай жағдайда маған не істеу керек, Қасым-Жомарт Кемелұлы?» – деп түйіндеді сөзін Бибісара Асаубаева.

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева Norway Chess Women 2026 турнирінде 16,5 ұпай жинап, аталған беделді жарыста жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық шахматшы атанды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан