3 күн бұрын
Министр Астанадағы стадион бағасына қатысты жауап берді
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион құрылысына жұмсалған 17 миллиард теңгеге қатысты пікір айтты.
Министрдің сөзінше, стадион халықаралық талаптарға сай салынған және алаң барлық қажетті стандарттарға сәйкес келеді. Алайда жобаның нақты құнына баға беру үшін қосымша ақпарат қажет екенін жеткізді.
«Баға мәселесіне келсек, мердігердің алдына басқа міндеттер қойылған болуы мүмкін. Қосымша жабдықтар немесе қажетті құралдар сатып алынған шығар. Қазір нақты баға бере алмаймын, толық ақпаратты сұрату керек», – деді Мырзабосынов.
Айта кетейік, стадионның құрылысына 17 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған. Жаңа нысанның сыйымдылығы 3-3,6 мың көрерменді құрайды. Бұл көрсеткіш бұрынғы стадионның сыйымдылығынан әлдеқайда төмен болғандықтан, жоба қоғамда қызу талқылануда.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан