3 күн бұрын
Ербол Мырзабосынов Геннадий Головкинді құттықтады
Фото:ҰОК
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Геннадий Головкиннің Халықаралық бокс даңқ залына енгізілуімен құттықтады. Сондай-ақ министр Геннадий Головкиннің айрықша жетістеріне тоқталып, жылы лебізін білдірді.
“Отандық даңқты боксшысы, Геннадий Головкин, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті мен World Boxing президенті Халықаралық бокстың Даңқ залына енді. Салтанатты рәсім АҚШ-та өтті. Геннадий Головкин — Халықаралық бокстың Даңқ залына енген алғашқы отандық боксшы. Ол әуесқой бокста 350 жекпе-жек өткізіп, оның 345-інде жеңіске жеткен. 2003 жылы әлем чемпионы атанып, 2004 жылғы Афины Олимпиадасының күміс жүлдесін иеленді. Сонымен қатар Азия чемпионаты мен Азия ойындарының алтын медальдарын жеңіп алды.
Кәсіпқой рингте Геннадий Головкин ХХІ ғасырдағы орта салмақтағы ең табысты чемпиондардың біріне айналды. Ол 45 жекпе-жек өткізіп, 42 рет жеңіске жетті. Оның 37-сі нокаутпен аяқталған. Боксшы WBA, WBC, IBF және ІВО тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанып, сондай-ақ The Ring журналының чемпиондық белбеуін иеленді.
Головкиннің қатарынан 23 нокаутпен аяқталған жеңісті сериясы орта салмақ тарихындағы ең үздік көрсеткіштердің бірі саналады. Бұдан бөлек, ол чемпиондық атағын 21 рет сәтті қорғап, дивизион тарихындағы маңызды рекордтардың бірін орнатты.
Геннадий Головкиннің спорттағы жетістіктері жас буынға үлгі болып, отандық бокстың халықаралық аренада беделінің артуына орасан зор үлес қосты”, — делінген құттықтау хатта.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан