Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Астанада Президенттік тесттер басталды

Астанада Президенттік тесттер басталды

Фото: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Астанада халықтың дене даярлығын бағалауға арналған Президенттік тесттер басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Салтанатты ашылу рәсіміне Президенттік тесттер және президенттік көпсайыс федерациясының президенті, Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов пен Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысты.

Ашылу рәсімінде Ербол Мырзабосынов Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамытуға және саламатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше мән беретінін атап өтті. Оның айтуынша, Президенттік тесттер азаматтардың дене даярлығы деңгейін бағалап, тұрғындарды спортпен тұрақты түрде айналысуға ынталандыратын маңызды жоба.

«Бүгін еліміздің барлық өңірінен келген қатысушылар бас қосып отыр. Әрқайсыңыз өз өңіріңізде спорт пен белсенді өмір салтын насихаттауға үлес қосып жүрсіздер. Президенттік тесттер – спорттық жарыстан бөлек, адамдардың денсаулығын нығайту, жігерді шыңдау және бұқаралық спортты дамыту идеясы төңірегіне біріктіретін маңызды бастама», – деді министр.

Президенттік тесттер 29-30 маусым күндері республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбелік жоспарына сәйкес Жеңіл атлетика спорт кешенінде өтіп жатыр.

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен келген өкілдер қатысуда. Бағдарлама аясында қатысушылар шалқасынан жатып денені көтеру, кермеге тартылу, ұзындыққа секіру, қысқа қашықтыққа жүгіру және төзімділікке жүгіру бойынша нормативтерді орындайды.

Президенттік тесттер – халықтың дене даярлығы деңгейін бағалауға арналған негізгі іс-шаралардың бірі. Ол азаматтардың денсаулығын нығайтуға, саламатты өмір салтын кеңінен насихаттауға және Қазақстанда бұқаралық спортты одан әрі дамытуға бағытталған.

Еске салсақ, 2026 жылы Қазақстан халықаралық спорттық күнтізбедегі маңызды орталықтардың бірі ретінде әлемдік және құрлықтық деңгейдегі 20-ға жуық ірі жарысты өткізеді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан