3 сағат бұрын
Ербол Мырзабосынов спорт және туризм саласы өкілдеріне жаңа Конституцияның арнайы басылымын табыстады
Туризм және спорт министрлігінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының арнайы басылымдарын табыстау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Конституцияның естелік даналарын спорт ұйымдарының жетекшілеріне, танымал спортшыларға, спорт ардагерлеріне, сондай-ақ туризм саласының дамуына үлес қосып жүрген мамандарға сыйға тартты.
Министр өз сөзінде жаңа Конституция Әділетті Қазақстанды қалыптастырудағы маңызды қадам екенін атап өтті. Оның айтуынша, құжатта заң үстемдігі, жауапкершілік және қоғамдық бірлік қағидаттары айқын көрініс тапқан.
«Конституция – мемлекеттігіміздің берік тұғыры, елдің стратегиялық даму бағытын айқындайтын әрі әрбір азаматтың құқықтарына кепілдік беретін басты құжат. Заңға құрмет, адал еңбек және елге қызмет ету – қуатты әрі өркениетті Қазақстанның берік негізі», – деді министр.
Сондай-ақ Ербол Мырзабосынов Конституцияны құрметтеу мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі шарттарының бірі екенін айтып, әрбір азаматтың өз еңбегі арқылы елдің өркендеуіне үлес қосатынын жеткізді.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдум қорытындысы бойынша қабылданып, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан