2 күн бұрын
Астанада Олимпиада жәдігерлерінің бірегей көрмесі ашылды
Фото:ҰОК
Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі аясында «Афинадан Астанаға дейін: Владимир Потанин коллекциясындағы Олимпиада жәдігерлері» көрмесі ашылды.
Экспозицияда 1896 жылғы алғашқы Олимпиададан бүгінге дейінгі кезеңді қамтитын 140 түпнұсқа жәдігер қойылған. Олардың қатарында олимпиадалық медальдар, алаулар, дипломдар және қазақстандық спортшылардың жеке заттары бар.
Көрменің ашылуында Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев бұл жобаның тарихи және тәрбиелік маңызы зор екенін атап өтті.
«Бұл көрменің Астанада өтіп жатқан "Болашақ ойындары – 2026" мультиспорттық шарасымен қатар келуі – дұрыс жасалған қадам. Келген қонақтар үшін де, әлемдік доданың тарихи жолын көрсету тұрғысынан да оның маңызы зор. Жас ұрпақ үшін өткен дәуірдің естелігін көзбен көріп, сол кезеңнің рухын сезінуге таптырмас мүмкіндік», – деді Серік Жарасбаев.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан