Матч орталығы
Челленджер Фантхьет 4 Теннис Мэтью Деллаведова Мэтью Деллаведова 2:1 Аяқталды Григорий Ломакин Григорий Ломакин Юношеская лига УЕФА Футбол OFK Mladost DG U19 OFK Mladost DG U19 19:00 Бүгін Кайрат до 19 Кайрат до 19 Ла Лига Футбол Райо Вальекано Райо Вальекано 22:00 Бүгін Эспаньол Эспаньол Ла Лига Футбол Алавес Алавес 23:00 Бүгін Валенсия Валенсия Эредивизи Футбол Аякс Аякс 23:00 Бүгін Виллем 2 Виллем 2 Чемпионшип Футбол Бристоль Сити Бристоль Сити 23:45 Бүгін Линкольн Линкольн Чемпионшип Футбол Мидлсбро Мидлсбро 23:45 Бүгін Миллуолл Миллуолл Лига кубогы Футбол Ипсвич Ипсвич 00:00 Ертең Арсенал Арсенал Италия кубогы Футбол Фиорентина Фиорентина 00:00 Ертең Пиза Пиза Лига кубогы Футбол Ливерпуль Ливерпуль 00:00 Ертең Тоттенхэм Тоттенхэм Ла Лига Футбол Эльче Эльче 00:30 Ертең Реал Мадрид Реал Мадрид Еуропа лигасы Футбол Омония Омония 21:45 Ертең Сельта Сельта Еуропа лигасы Футбол Арарат Арарат 21:45 Ертең Спарта Спарта Ла Лига Футбол Депортиво Депортиво 22:00 Ертең Севилья Севилья Ла Лига Футбол Атлетико Атлетико 22:00 Ертең Осасуна Осасуна Еуропа лигасы Футбол Милан Милан 00:00 17.09 Бенфика Бенфика Еуропа лигасы Футбол Хапоэль Хапоэль 00:00 17.09 Динамо Динамо Еуропа лигасы Футбол Олимпиакос Олимпиакос 00:00 17.09 Ягеллония Ягеллония Еуропа лигасы Футбол Байер Байер 00:00 17.09 Целе Целе Еуропа лигасы Футбол Штурм Штурм 00:00 17.09 Ренн Ренн

08.08.2026

Ербол Мырзабосынов «Болашақ ойындары» жарысын тамашалады

Ербол Мырзабосынов «Болашақ ойындары» жарысын тамашалады

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Астанада өтіп жатқан «Болашақ ойындары 2026» халықаралық турниріндегі фиджитал-футбол бәсекесін тамашалады. Министр қазақстандық командаларға қолдау көрсетті.

Биылғы жарысқа әлемнің 50 елінен 800 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан атынан спорттың сегіз бағыты бойынша 11 команда сынға түсуде.

Жарыс барысында Ербол Мырзабосынов «Болашақ ойындары» еліміз үшін маңызды екенін айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылында бұл турнирдің өтуінің мәні ерекше. «Болашақ ойындары» спорт пен заманауи технологияларды біріктіріп, еліміздің инновациялық даму бағытын айқын көрсетеді.

Турнирге әлем бойынша қызығушылық артып келеді. Бүгінде трансляцияларды көру саны 185 миллионға жетті. Жарыстар 16 тілде көрсетіліп, ондаған халықаралық медиасеріктес пен 100-ден астам стример ақпарат таратуда. Бұл турнирге деген халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетіп, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі жарыстарды ұйымдастырушы ел ретіндегі беделін нығайта түседі.

Турнирдің өтуіне үлес қосып жатқан спортшылар мен волонтерлерге алғысымды білдіремін. Командаларымызға сәтті өнер көрсетіп, жаңа жеңістерге жетулерін тілеймін», – деді Ербол Мырзабосынов.


Біздің серіктес: Sport12kz