14.08.2026
Асхат Житкеевке «Спорт саласының үздігі» төсбелгісі табысталды
Қазақстан дзюдо федерациясының вице-президенті Асхат Житкеев «Спорт саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Sports12.kz.
Марапат Спорт күні қарсаңында Астанада өткен сала үздіктерін марапаттау рәсімінде табысталды. Жиында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов отандық спорттың дамуына үлес қосқан сала өкілдеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар тапсырды.
Сонымен қатар Қазақстан дзюдо федерациясының рефери директоры Мухсин Нұртазин, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушылар Дүйсенбай Тажкеев пен Михаил Щепетюк «Еңбек ардагері» медаліне ие болды.
Жалпы, Спорт күні қарсаңында спорт саласының 140-тан астам өкілі түрлі марапатталды.
Біздің серіктес: Sport12kz