Матч орталығы
Челленджер Форт-Уэрт Теннис Габриэль Дебру Габриэль Дебру 2:1 Аяқталды Алекс Рыбаков Алекс Рыбаков Еуролига Баскетбол Партизан Партизан 85:82 Аяқталды Црвена Звезда Црвена Звезда Нинбо женщины Теннис Елена Рыбакина Елена Рыбакина 16:00 Бүгін Катажина Кава Катажина Кава КХЛ Хоккей Трактор Трактор 19:00 Бүгін Ак Барс Ак Барс Алматы мужчины Теннис Александр Бублик Александр Бублик 19:30 Бүгін Карен Хачанов Карен Хачанов Бундеслига Футбол Штутгарт Штутгарт 23:30 Бүгін Боруссия Боруссия Лига 1 Футбол Брест Брест 23:45 Бүгін Ницца Ницца А сериясы Футбол Торино Торино 23:45 Бүгін Монца Монца Чемпионшип Футбол Болтон Болтон 00:00 Ертең Мидлсбро Мидлсбро Премьер-лига Футбол Ипсвич Ипсвич 00:00 Ертең Ноттингем Форест Ноттингем Форест Ла Лига Футбол Алавес Алавес 00:00 Ертең Малага Малага Примейра-лига Футбол Гимарайнш Гимарайнш 00:45 Ертең Маритиму Маритиму Премьер-Лига Футбол Оқжетпес Оқжетпес 15:00 Ертең Каспий Каспий Премьер-Лига Футбол Жетісу Жетісу 15:00 Ертең Тобыл Тобыл Премьер-Лига Футбол Қызылжар Қызылжар 16:00 Ертең Ұлытау Ұлытау Чемпионшип Футбол Шеффилд Шеффилд 16:30 Ертең Дерби Дерби Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 16:30 Ертең Миллуолл Миллуолл Премьер-лига Футбол Астон Вилла Астон Вилла 16:30 Ертең Манчестер Сити Манчестер Сити Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 16:30 Ертең Норвич Норвич Ла Лига Футбол Райо Вальекано Райо Вальекано 17:00 Ертең Эльче Эльче

23.08.2026

Ербол Мырзабосынов: Дзюдодағы тарихи нәтиже жаңа дайындық жүйесінің тиімділігін көрсетеді

Ербол Мырзабосынов: Дзюдодағы тарихи нәтиже жаңа дайындық жүйесінің тиімділігін көрсетеді

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазақстандық жасөспірім дзюдошылардың әлем чемпионатындағы тарихи нәтижесіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz

Дзюдодан 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 10 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 3 алтын, 3 күміс және 4 қола жүлде бар. Бұл отандық дзюдо тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Сонымен қатар, ұлдар құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орын алса, қыздар командасы екінші орынға тұрақтады.

Жарыста Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық дзюдошы қыз ретінде тарихқа енді.

Министрдің айтуынша, бұл жетістік жекелеген спортшылардың нәтижесі ғана емес, ұлттық құрамаларды даярлаудың жаңартылған жүйесінің тиімділігін көрсететін маңызды көрсеткіш.

«Париж Олимпиадасынан кейін біз спортшыларды даярлау жүйесін қайта қарауға кірістік. Федерациялармен бірлесіп, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы ұлттық құрамалар бірыңғай әдістеме аясында жұмыс істейтін модельді енгізіп жатырмыз. Яғни спортшы бір жас санатынан екіншісіне өткен кезде дайындықты мүлде басқа жүйе бойынша қайта бастамайды. Мұнда сабақтастық, бірыңғай талаптар, талдау және спортшы дамуының нақты траекториясы қалыптасады», – деді Ербол Мырзабосынов.

Дзюдода бұл бағыттағы жұмыс Қазақстан дзюдо федерациясы және «Жеңіс» клубымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Отандық жаттықтырушылар шетелдік озық мамандармен, оның ішінде Эцио Гамба командасымен бірге жұмыс істейді.

Жаңа жүйе тек шетелдік мамандарды тартумен шектелмейді. Оның негізінде жаттығу процесін ғылыми тұрғыдан талдау, функционалдық диагностика, жүктемені спортшының жеке ерекшеліктеріне қарай бейімдеу, қалпына келтіру, спорттық медицина және әр спортшының даму динамикасын тұрақты бақылау жатыр.

«Қазіргі кезде біз бұл жұмыстың нақты KPI көрсеткішін көріп отырмыз. Жасөспірімдеріміздің әлем чемпионатындағы тарихи нәтижесі – соның айқын дәлелі», – деді министр.

Оның айтуынша, дәл осындай модельді басқа спорт түрлеріне де енгізу көзделіп отыр. Қазіргі уақытта семсерлесу, бокс және күрес бағыттарында үздік шетелдік мамандарды тарта отырып, заманауи дайындық әдістемелеріне негізделген жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар спорт ғылымын күшейтуге ерекше мән берілмек. Бұл ретте Ұлттық спорт университеті ұлттық құрамалармен тікелей жұмыс істейтін маңызды институтқа айналуы тиіс.

«Спорт ғылымы жоғары жетістіктер спортына қатысы жоқ жеке бағыт болып қалмауы керек. Ол ұлттық құрамалар үшін тікелей жұмыс істеуі қажет. Бұған тестілеу, талдау, спорттық медицина, қалпына келтіру, тамақтану, биомеханика және спортшыларды даярлаудың жеке бағдарламалары кіреді», – деді Ербол Мырзабосынов.

Министрліктің бұл бағыттағы жұмысы ұлттық федерациялармен және халықаралық спорт ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Қазақстан Халықаралық дзюдо федерациясымен ынтымақтастығын да нығайтып келеді. Осы мақсатта Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер Қазақстанға арнайы келген болатын.

Министрдің пікірінше, заманауи спорттағы жоғары нәтиже тек жекелеген спортшының немесе жаттықтырушының талантына тәуелді болмауы керек. Оның артында жүйелі дайындық моделі тұруы қажет.

«Біз біртұтас вертикальды жүйені қалыптастырғымыз келеді: жасөспірімдер – жастар – ұлттық құрама – Олимпиада. Әр кезеңде бірыңғай әдістеме, озық халықаралық тәжірибемен ұштасқан мықты отандық жаттықтырушылар мектебі және ғылыми сүйемелдеу болуы керек», – деді министр.

Ербол Мырзабосынов жасөспірімдер құрамасының 10 медалі тек тарихи жетістік емес, спортшыларды даярлаудың жаңа тәсілдері нақты нәтиже бере бастағанының көрсеткіші екенін атап өтті.

Алдағы міндет – дзюдодағы табысты тәжірибені спорттың басқа түрлеріне де енгізіп, спорт резерві мен ұлттық құрамаларды даярлаудың бірыңғай жүйесін кезең-кезеңімен жетілдіру.


Біздің серіктес: Sport12kz