Матч орталығы
Конференциялар лигасы Футбол Рига Рига 1:1 Аяқталды Қайрат Қайрат Конференциялар лигасы Футбол Эгнатия Эгнатия 1:1 Аяқталды Мидтьюлланд Мидтьюлланд Конференциялар лигасы Футбол Гент Гент 1:0 Аяқталды Орхус Орхус Конференциялар лигасы Футбол Хайдук Хайдук 2:1 Аяқталды Аякс Аякс Конференциялар лигасы Футбол КуПС КуПС 2:4 Аяқталды Трабзонспор Трабзонспор Конференциялар лигасы Футбол ЦСКА София ЦСКА София 1:2 Аяқталды Монако Монако Конференциялар лигасы Футбол Крайова Крайова 1:1 Аяқталды Хетафе Хетафе Конференциялар лигасы Футбол Лугано Лугано 3:2 Аяқталды Црвена Звезда Црвена Звезда Конференциялар лигасы Футбол Мьельбю Мьельбю 2:0 Аяқталды Интер Эскальдес Интер Эскальдес Конференциялар лигасы Футбол Панатинаикос Панатинаикос 2:1 Аяқталды Борац Борац Еуропа лигасы Футбол Лех Лех 0:4 Аяқталды Байер Байер Еуропа лигасы Футбол Юнион Юнион 1:1 Аяқталды Реал Сосьедад Реал Сосьедад Еуропа лигасы Футбол Торренсе Торренсе 1:2 Аяқталды Сандерленд Сандерленд Еуропа лигасы Футбол Спарта Спарта 1:1 Аяқталды Лиллестрем Лиллестрем Еуропа лигасы Футбол Лион Лион 3:2 Аяқталды Кристал Пэлас Кристал Пэлас Еуропа лигасы Футбол АЗ АЗ 2:1 Аяқталды Хапоэль Хапоэль Еуропа лигасы Футбол Целе Целе 0:3 Аяқталды Омония Омония Еуропа лигасы Футбол Зальцбург Зальцбург 0:4 Аяқталды Милан Милан ДЕЛ Хоккей Вольфсбург Вольфсбург 2:1 Пенальтиден соң Крефельд Пингуин Крефельд Пингуин Еуролига Баскетбол Фенербахче Фенербахче 74:65 Аяқталды Партизан Партизан

7 сағат бұрын

Ербол Мырзабосынов жүзуден әлем кубогі финалдық кезеңінің ашылу салтанатына қатысты

Ербол Мырзабосынов жүзуден әлем кубогі финалдық кезеңінің ашылу салтанатына қатысты

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Елордада жүзуден World Aquatics 2026 Әлем кубогі финалдық кезеңінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған беделді халықаралық додаға әлемнің 39 елінен 300-ден астам спортшы қатысуда. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері мен әлемдік рекорд иелері бар.

Жарыстың ашылу салтанатына World Aquatics халықаралық федерациясының президенті Хусейн Әл-Мусаллам, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, сондай-ақ отандық спорт саласының өкілдері мен су спортының мамандары қатысты.

Салтанатты рәсімде министр мұндай деңгейдегі халықаралық жарыстың елімізде алғаш рет өткізілуі Қазақстан спорты үшін маңызды тарихи оқиға екенін атап өтті.

«Әлем кубогін өткізу – отандық спортты дамыту жолындағы маңызды қадам. Бұл жарыс спортшыларымызға әлемнің үздіктерімен бәсекеге түсіп, құнды тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Турнир жас спортшыларға тың серпін беріп, мыңдаған баланы жүзу спортымен айналысуға ынталандырады деп сенемін. Ұлы Жібек жолы ғасырлар бойы халықтар мен мәдениеттерді байланыстырған. Бүгінде сол тарихи жол бізді спорт, достық және адал бәсеке арқылы қайта тоғыстырып отыр», – деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.

15-17 қазан күндері елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтетін жарыс Баку, Ташкент және Астана қалаларын қамтитын Silk Road халықаралық сериясының шешуші кезеңі саналады. Турнир World Aquatics ұйымының ресми жарыстар күнтізбесіне енгізілген.

Әлем кубогінің бағдарламасында еркін стиль, брасс, баттерфляй және шалқалай жүзуден 50, 100 және 200 метрлік қашықтықтарда жарыстар өтеді. Сонымен қатар спортшылар 100 және 200 метрге кешенді жүзу мен эстафеталық сайыстарда өзара мықтыны анықтайды.

Еске салсақ, елімізде дене шынықтыру және спорт саласын жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасып келеді.


Біздің серіктес: Sport12kz