Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

28.05.2025

Жәнібек Тыныштық: «Мақсатымыз UFC-ге барып өнер көрсету»

Жәнібек Тыныштық: «Мақсатымыз UFC-ге барып өнер көрсету»

Фото: Instagram: zhanibek.61

Сейсенбі, 27 мамыр күні Астанада лиганың 15 жылдығына арналған Alash Pride FC 108 турнирі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Аталған кеште сәтті өнер көрсеткен қазақстандық жауынгер Жәнібек Тыныштық (6-0) Sport12.kz YouTube арнасына берген сұхбатында алдағы жоспарларымен бөлісті:

"Қазіргі таңда виза бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бәрі сәтті болып жатырса Америкаға жол жүреміз.

UFC-ге барып өнер көрсету мақсатымыз. Нақты бір жауынгермен кездескім келеді деп айта алмаймын. Кез-келген жауынгерге қарсы шығуға дайынмын", - деді қазақстандық жауынгер.

Айта кетейік, Алматыда өткен жекпе-жек кешінде Жәнібек Тыныштық қарсыласы Нурислам Рамазановтың жарақат алуына байланысты мерзімінен бұрын жеңіске жеткен болатын. 

Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы өтіп көрсеңіз болады:


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан