10.06.2025
Қазақстандық UFC жауынгерлері Бакуде өтетін турнирге жол тартты

Фото: Instagram: bekzatalmahan
Қазақстандық UFC файтерлері Азат Максұм мен Бекзат Алмахан Әзербайжан астанасы Бакуге аттанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Алматы — Баку. Алда маңызды жекпе-жек», — деп жазды Алмахан әлеуметтік желідегі парақшасында Максұм және олардың бапкері Данеш Дүнгенбаевпен түскен сурет жариялап.
Еске салайық, 21 маусымда Бакуде өтетін UFC Fight Night 259 турнирінде Азат Максұм ресейлік Тагир Уланбековпен кездеседі.
Айта кетейік, Максұм UFC-дегі кейінгі жекпе-жегін 2024 жылы ақпанда АҚШ-та өткен UFC Fight Night турнирінде өткізіп, америкалық Чарльз Джонсоннан төрешілер шешімімен жеңіліп қалған еді.
