12 сағат бұрын
Азат Мақсұм UFC Fight Night 259 турнирінде жеңіліп қалды

Фото: meta-ratings.kz
Қазақстандық жауынгер Азат Мақсұм Әзербайжан астанасы Бакуде өткен UFC Fight Night 259 турнирінде жеңілістің ащы дәмін татты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Азат аталған турнирде ресейлік Тагир Уланбековпен шеберлік байқасты. Жекпе-жек үш раундқа соылды. Жекпе-жекте төрешілер жеңісті Тагирге беріп жіберді.
Азат осылайша UFC-де үшінші жекпе-жегін өткізіп, екінші мәрте жеңіліп қалды.
Тагир Уланбеков болса рейтингте 11-ші орында келеді. Ол ұйымдағы жеті айқастың алтауында жеңіске жетті.
