07.03.2026
Дияр Нұрғожай бразилиялық файтермен кездеседі
8 наурызға қараған түні қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай (10-2) бразилиялық спортшы Рафаэл Тобиас (14-1) қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл кездесу Ultimate Fighting Championship ұйымының UFC 326 турнирі аясында Лас-Вегас қаласында (Невада, АҚШ) өтеді.
Нұрғожай — Тобиас жекпе-жегінің тікелей эфирі Қазақстан уақытымен шамамен 03:40-та басталады. Кездесуді Ultimate Fighting Championship ұйымының ресми сайтынан көруге болады.
Айта кетейік, Дияр Нұрғожай соңғы рет октагонға 2025 жылдың тамыз айында шығып, қырғызстандық Уран Сатыбалдиев (9-1) қарсы жекпе-жекте бірінші раундта мерзімінен бұрын жеңіліп қалған еді. Қазіргі таңда қазақстандық файтердің Ultimate Fighting Championship ұйымындағы рекорды — 0-2. Оның алғашқы жекпе-жегі де жеңіліспен аяқталған: ол бразилиялық Брендсон Рибейро (17-9) қарсы кездесуде сабмишн әдісімен жеңілген болатын.
Ал Рафаэл Тобиас үшін алдағы кездесу Ultimate Fighting Championship ұйымындағы дебюттік жекпе-жек болмақ.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан