Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

08.03.2026

UFC 326: Оливейра BMF титулын жеңіп алды

UFC 326: Оливейра BMF титулын жеңіп алды

Лас-Вегаста (АҚШ) T‑Mobile аренасында өткен UFC 326 турнирінің басты оқиғасы америкалық Макс Холлоуэй мен бразилиялық Чарльз Оливейра арасындағы жекпе -жек болды.

Бой бес раундқа созылып, судьялардың бір ауыздан қабылдаған шешімімен Оливейра жеңіске жетті. Осылайша, бразилиялық файтер UFC-де BMF титулының жаңа иегері атанды. Бұл жеңістен кейін оның кәсіби рекорды – 37 жеңіс, 11 жеңіліс, ал бір жекпе-жек техникалық себептермен өтпеген болып есептеледі.

Ал Макс Холлоуэйдің рекорды қазіргі таңда 27 жеңіс және 9 жеңілісті құрап отыр.

Айта кетейік, қарсыластар бұған дейін де кездескен – 2015 жылғы тамызда. Сол кездегі жекпе-жекте Холлоуэй бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен, ал Оливейра асқазан жарақатына байланысты жекпе-жекті аяқтай алмаған еді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан