12.03.2026
Майкл Моралес: Дана Уайт чемпиондыққа кім лайықты үміткер екенін біледі
Эквадорлық UFC жауынгері Майкл Моралес жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы, ресейлік Ислам Махачев қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін меңзеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұған дейін ирландиялық Иан Гарри келесі жекпе-жекте дәл өзі Махачевпен кездесуге лайық екенін айтып, оның себептерін түсіндірген болатын.
«Кешір, Иан… Дана Уайт шын мәнінде чемпиондыққа кім лайық екенін біледі», — деп жазды Моралес әлеуметтік желіде. Ол жазбасына өзі мен Махачевтің өзара жекпе-жекке келісімшартқа қол қойып жатқанын бейнелейтін суретті қоса жариялады.

Майкл Моралес ММА-да 19 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Ислам Махачевтің еншісінде 29 кездесудің 28-інде жеңіс бар.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов