13.03.2026
UFC Чимаевтың келесі қарсыласын жариялады
Хамзат Чимаев UFC ұйымындағы орта салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғайтын қарсыласын білді.
Ultimate Fighting Championship мәліметінше, 9 мамырда UFC 328 турнирінің басты жекпе-жегінде Чимаев америкалық Шон Стриклендпен кездеседі. Жарыс Ньюарк қаласында (Нью-Джерси, АҚШ) өтеді.
Еске салайық, Хамзат Чимаев чемпиондық белбеуді өткен жылдың тамыз айында оңтүстікафрикалық файтер Дрикус дю Плессиді жеңу арқылы иеленген болатын.
Ал Шон Стрикленд соңғы жекпе-жегін 2026 жылғы 22 ақпанда өткізіп, америкалық Энтони Эрнандесті нокаутпен жеңген еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан