2 сағат бұрын
«Naiza 82»: Сағындық Меккеев басты жекпе-жектерге баға берді
Қазақстан Республикасының ММА және панкратион ұлттық федерациясы президенті Сағындық Меккеев Naiza 82 турниріндегі басты жекпе-жектерге қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, кард өте тартысты, ал кештің басты айқасы Магомед Кабардиев пен Наби Ашурлаев арасындағы кездесу болмақ. Меккеев бұл жекпе-жекті кардтағы ең күрделі әрі ең қызықты айқас деп бағалады.
«Магомед – тік тұрып айқасатын файтер, ал Набидің күресі жақсырақ. Бұл жерде мүмкіндік 50/50. Көп нәрсе кардиоға, төзімділікке және жалпы дайындыққа байланысты болады», – деді ол.
Сондай-ақ, Жансерік Жақсығұлұлы мен Майке Леннарес арасындағы жекпе-жекке де тоқталды. Оның пікірінше, бұл кездесу ММА тұрғысынан сәл төмен қызығушылық тудырады, алайда тең дәрежедегі айқас болмақ.
«Екі файтер де төзімді, шыдамды. Майкенің күресі сәл басым, бірақ бәрін турнирге дайындық деңгейі шешеді», – деді Меккеев.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан