7 күн бұрын
Әзербайжан мемлекеті UFC турнирінің өтетіндігін ресми мәлімдеді
UFC Әзербайжанның Жастар және спорт министрлігімен, сондай-ақ Baku City Circuit ұйымымен Бакуде 2028 жылға дейін турнирлер өткізу туралы көпжылдық келісімге қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz
Келісімге сәйкес Әзербайжан астанасында жыл сайын UFC Fight Night сериясының турнирлері өтеді.
Жаңа келісім аясындағы алғашқы іс-шара 27 маусым күні Ұлттық гимнастика аренасында өтеді.
Ұйым өткен жылы маусым айында Baku Crystal Hall кешенінде өткен UFC-дің Бакудегі дебюттік турнирін 14 мыңнан астам көрермен тамашалағанын, барлық билеттердің сатылып кеткенін еске салды. Бұл өңірде ММА-ға деген жоғары қызығушылықты дәлелдеді.
UFC президенті Дана Уайт Әзербайжан астанасына жоғары баға берді.
«Баку — әлемдегі ең керемет қалалардың бірі. Қала өте әдемі, адамдар өте қонақжай. Өткен жылы барғанымда үлкен әсер алдым. Қонақжайлылық ең жоғары деңгейде болды. Жанкүйерлер спортқа үлкен құштарлық танытып, оны жақсы түсінеді. Әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар келіп, мұны өз көздерімен көруі керек», — деді Уайт.
Айта кетейік, бұл кеште отандық жауынгерлеріміз өнер көрсетуі ықтимал
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов