6 сағат бұрын
Қазақстандық файтер экс-чемпионмен айқасады
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Саламат Исбулаев (10-0) 27 маусым күні АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өтетін PFL турнирінің басты жекпе-жегіне қатысады.
Ол жартылай жеңіл салмақта бұрынғы Bellator чемпионы, америкалық Эй-Джей Маккимен (24-2) кездеседі. Қазақстан уақыты бойынша бұл жекпе-жек 28 маусым күні таңертең өтеді.
Бұл Исбулаев үшін PFL-дегі екінші кездесу. Бұған дейін ол 7 ақпанда Дубайда өткен дебюттік жекпе-жегінде перулік экс-чемпион Хесус Пинедоны бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.
Ал Эй-Джей Макки соңғы рет наурыз айында Мадридте жұдырықтасып, венгриялық Адам Боричті төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді.

Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан