3 сағат бұрын
Акишев Жақсыгүлұлының мүмкіндігін жоғары бағалады
ММА жаттықтырушысы Нұржан Акишев Жансерік «Джакс» Жақсығұлұлының бразилиялық Майке Линареспен өтетін чемпиондық жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.
Маманның айтуынша, Жансерік бұрын күрес жағынан әлсіздеу болғанымен, қазір айтарлықтай дамыған. Ол енді клетка ішінде қалай дұрыс әрекет ету керегін жақсы біледі және бой ұзындығын тиімді пайдалана алады. Сонымен қатар тізе мен шынтақпен соққы жасау техникасы да жақсы деңгейде екенін атап өтті. Қарсыласын күреске түсіру де оңай емес, себебі ол бойшаң әрі қабырғаға жақын жерде жақсы қорғана алады. Негізгі тактикасы — төзімділікке сүйену.
Акишевтің пікірінше, Жақсығұлұлы бразилиялық файтер үшін ыңғайсыз қарсылас болады.
«Мен Линарестің Серікұлына қарсы чемпиондық жекпе-жегін көрдім. Бразилиялық спортшы ол кездесуде айтарлықтай ештеңе көрсете алған жоқ. Оның соққы күші де, күрес техникасы да ерекше емес. Ол көбіне төзімділіктің арқасында жеңіске жетеді. Ал Жансерік болса, сабырлы бастайды, қарсыласын зерттеп барып әрекет етеді. Ол әрі соққыда, әрі күресте ыңғайсыз. Ең бастысы — жеңіске деген құлшынысы жоғары», — деді маман.
Айта кетейік, Майке Линарес – Жансерік Жақсыгүлұлы жекпе-жегі 2 мамыр күні Алматыда өтетін Naiza 82 турнирінің басты оқиғасы болады. Спортшылар жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді сарапқа салады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан