2 күн бұрын
Марсель Паралимпиада чемпионымен шығуға дайын екенін айтты
Қырғызстандық ММА жекпе-жек шебері Марсель Нұрланбек уулу қазақстандық Паралимпиада-2026 чемпионы Ербол Хамитовқа қарсы грэпплинг ережесі бойынша жекпе-жекке шығуға келісті, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Ассаляму алейкум, Қырғызстан халқы. Көріп отырғандарыңыздай, маған өте көп шақыртулар түсіп жатыр, ММА, бокс, грэпплинг, жұдырықтасу жекпе-жектері. Солардың ішінде Қазақстаннан Ербол бауырым таза грэпплинг бойынша шақырту тастады. Ербол, жылы сөздеріңе рақмет.
Ербол, бауырым, сені құрметтеймін. Сен әлсіз қарсылас емессің, мен үшін мықтысың. Сен күрестен бастадың, мен сені бұрыннан білемін, сондықтан сені күшті қарсылас деп есептеймін. Жарайсың! Осындай қиын жолдан өттің, күресті де жақсы меңгергенсің. Тағы да айта кеткім келеді, достар: Ербол — жай ғана қарсылас емес, ол Олимпиада чемпионы, жүлдегер емес, дәл чемпион.
Сондықтан, Ербол, сенің шақыртуыңды қабылдаймын. Қай лига ұйымдастырса да, артқа шегінбеймін. Тек құрмет үшін, сені құрметтеймін. Сенің қиын жолдан өткеніңді білемін. Мен де қарапайым отбасынан шыққанмын. Бәріне өзім жеттім. Сен де бәріне өз еңбегіңмен жеттің, бауырым. Сондықтан тек құрметпен, таза спорттық қызығушылықпен келісемін», — деді Марсель.
Айта кетейік, Марсель отандық танымал актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтарды жеңіп кетсе, Ербол Хамитов бірер ай бұрын Милан Паралимпиадасында биатлоннан чемпион атанған.
Тоқтар: «Мен ешкімнен қашып жүрген жоқпын»
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов