6 сағат бұрын
Исбулаевтың келесі айқасы белгілі болды
Америкалық PFL ұйымы қазақстандық жартылай жеңіл салмақтағы файтер Саламат Исбулаевтың (10-0) келесі жекпе-жегін ресми түрде жариялады.
Қазақстандық спортшы АҚШ өкілі Эй Джей Маккимен (24-2) кездеседі. Жекпе-жек 27 маусым күні өтетін PFL San Diego турнирінің басты айқасы болмақ.
Ұйымның баспасөз қызметі Исбулаевтың лигадағы дебютін ерекше атап өтті. Мәлімдемеде қазақстандық файтердің уақыт жоғалтпай, жартылай жеңіл салмақтағы PFL-2023 чемпионы Хесус Пинедоны жеңіп, өзін бірден танытқаны айтылды.
Еске салайық, Саламат Исбулаев Пинедомен 7 ақпанда Дубайда өткен PFL Dubai турнирінде кездесіп, қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңген еді. Бұл оның лигадағы алғашқы жекпе-жегі болған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан