6 сағат бұрын
UFC кешінің басты жекпе-жегі белгілі болды
2026 жылғы 2 мамырда Австралияның Перт қаласында UFC Fight Night 275 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде австралиялық Джек Делла Маддалена (18-3) бразилиялық Карлос Пратеспен (23-7) кездеседі.
Турнирдің тікелей тікелей эфирі Қазақстан уақытымен 13:00-де басталып, UFC-дің ресми сайтында көрсетіледі. Негізгі кард жекпе-жектері 16:00-де басталады, ал басты айқас шамамен 17:20-да өтеді.
Қазіргі таңда Джек Делла Маддалена UFC жартылай орта салмақта рейтингтің бірінші орнында тұр. Ал Карлос Пратес бесінші орынға жайғасқан.
Соңғы жекпе-жегінде Делла Маддалена 2025 жылдың қарашасында ресейлік Ислам Махачевпен кездесіп, чемпиондық белбеуінен айырылған болатын. Пратес те сол айда октагонға шығып, англиялық Леон Эдвардсты екінші раундта нокаутпен жеңген.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан