6 сағат бұрын
Рахмонов UFC-дің жеңілмеген файтерлер тізіміне енді
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC ұйымындағы жеңіліссіз сериясы ұзақ спортшылардың қатарына кірді.
Рахмоновтың UFC-дегі есебінде 7 жеңіс бар. Бұл көрсеткіш оған ұйымдағы жеңілмеген файтерлер арасында жетекші топтан орын алуға мүмкіндік берді. Ол бұл көрсеткіш бойынша эквадорлық Майкл Моралеспен қатар тұр.
Тізімде одан жоғары Наталия Сильва (8 жеңіс), Илия Топурия (9), Хамзат Чимаев (9) және Мовсар Евлоев (10) орналасқан.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, Иэн Гэрриді жеңген болатын. Одан кейін ол жарақатына байланысты уақытша үзіліс алған. Оның октагонға оралуы биылғы жылдың соңы немесе келесі жылдың басына жоспарланып отыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан