4 сағат бұрын
Қазақстандық 41 жастағы файтер ММА-дан қашан кетеді?
Қазақстандық ММА ардагері, 41 жастағы Әділ Боранбаев мансабын аяқтау туралы әзірге ойламайтынын айтты.
— Бұл туралы ойлаған жоқпын. Қазір жаттығу барысын қалай дұрыс құру керегін түсіндім. Жастармен әлі де бәсекеге түсе аламын, сондықтан өнер көрсете беремін. Қашан шаршап, тұра алмай қалсам, сол кезде «бәрі, мен енді грэпплингке кеттім» деймін, — деді Боранбаев.
Айта кетейік, 6 маусым күні Әділ Боранбаев Алматыда өтетін OGF 01 турнирінде UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы, америкалық Энтони Петтиспен жекпе-жек өткізеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан