10.05.2026
Александр Волков UFC 328 турнирінде жеңіске жетті
АҚШ-тың Ньюарк қаласында өткен UFC 328 турнирінде ресейлік файтер Александр Волков ауыр салмақтағы жекпе-жекте жеңіске жетті.
Волков доминиканалық Вальдо Кортес-Акостамен октагонда кездесіп, үш раундқа жоспарланған айқаста төрешілердің бірауызды шешімімен басым түсті.
Осылайша, Александр Волков аралас жекпе-жектегі кәсіби мансабындағы 40-жеңісіне қол жеткізді. Ал Вальдо Кортес-Акоста мансабындағы жетінші жеңілісіне ұшырады.
Айта кетейік, жекпе-жек алдында Волков UFC рейтингінде ауыр салмақта екінші орында тұрса, қарсыласы төртінші сатыда болған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан