10.05.2026
Чимаев алғаш рет жеңіліс тапты
АҚШ-тың Ньюарк қаласында UFC 328 турнирінің басты жекпе-жегі өтті, онда орта салмақтағы чемпиондық атақ үшін Хамзат Чимаев пен Шон Стрикленд кездесті.
Жекпе-жекке дейін екі спортшы арасындағы ұзаққа созылған текетірес айқасқа ерекше қызығушылық тудырды.
Чимаев кездесуді сақ бастап, тікелей шабуылға асықпады. Бірінші раундтың соңында ол қарсыласын көтеріп, жерге алып ұрды.
Үшінші бес минуттықта октагонда алғашқы қан көрініп, спортшылар ауыр соққылармен алмасты. Осы сәттердің бірінде Чимаев америкалық файтердің мұрнын сындырды.
Бесінші раундта екі спортшы ашық айқасқа көшіп, ауыр соққылар алмастырды, алайда жекпе-жек нокаутсыз аяқталды.
Жеңімпаз төрешілердің бөлінген шешімімен анықталды. Нәтижесінде Шон Стрикленд жеңіске жетіп, чемпиондық белбеуді қайта иеленді. Ал Хамзат Чимаев мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Чимаевтың еншісінде — 15 жеңіс, 1 жеңіліс, ал Стриклендте — 31 жеңіс, 7 жеңіліс.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан