10.05.2026
Чимаев жеңілістен кейін жаңа салмаққа өтпек
UFC 328 турнирінде Шон Стриклендтен жеңіліп, мансабында алғаш рет ұтылған Хамзат Чимаев болашағына қатысты шешім қабылдады.
UFC президенті Дана Уайттың айтуынша, жекпе-жектен кейін Чимаев салмақ дәрежесін ауыстыру ниетін білдірген.
«Хамзат жекпе-жектен кейін бірден маған келіп, жоғары салмаққа көтерілгісі келетінін айтты», — деді Уайт.
Еске салайық, Чимаев Стриклендтен төрешілердің бөлінген шешімімен (47-48, 47-48, 48-47) жеңіліп, орта салмақтағы чемпиондық белбеуден айырылды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан