12 сағат бұрын
UFC-дің кезекті турнирі ресми жарияланды
Ultimate Fighting Championship (UFC) 25 шілде күні Абу-Даби қаласындағы «Этихад Аренада», Яс аралығында UFC Fight Night турнирі өтетінін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Турнирге қатысатын спортшылардың есімдері әзірге жарияланған жоқ. Абу-Даби қаласы UFC ұйымының турнирлерін БАӘ астанасының Мәдениет және туризм департаментімен жасалған ұзақ мерзімді серіктестік аясында тұрақты түрде қабылдап келеді.
2025 жылдың шілде айында «Этихад Аренада» басты жекпе-жекте Роберт Уиттакер мен Ренье Де Риддер кездескен турнир өткен болатын. Ал сол жылдың қазан айында Том Аспиналл мен Сириль Ган арасындағы чемпиондық жекпе-жек ұйымдастырылды.
Айта кетейік, шілде айындағы турнирдің билеттері жақын уақытта сатылымға шығады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов