6 күн бұрын
Коханчик «Чемпиондар түні» турнирінде жеңіске жетті
Қазақстандық файтер Михаил Коханчик Ресейдің Нижний Новгород қаласында өткен Prime Fighting League ұйымының кезекті жарысында өнер көрсетті.
“Чемпиондар түні” — VK Tech» кешінің басты жекпе-жектерінің бірінде Коханчик ресейлік Исса Бегаевпен (лақап аты «Палач») кездесті. 77 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде өткен тартысты айқас үш раундқа созылып, төрешілердің бөлек шешімімен қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды.
Осы жеңістің арқасында Михаил Коханчик қатарынан келген екі жеңіліс сериясын тоқтатты. Ол бұған дейін кәсіби және әуесқой бокс жарыстарында да өнер көрсеткен тәжірибелі спортшы ретінде белгілі. Коханчиктің соңғы кәсіби жекпе-жегі 2023 жылы өткен.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан