Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 күн бұрын

Фаниль Рафиков ММА-дегі мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Фаниль Рафиков ММА-дегі мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Қазақстандық ММА жауынгері Фаниль Рафиков аралас жекпе-жектегі мансабын 36 жастан кейін жалғастырмайтынын мәлімдеді.

32 жастағы спортшының қазіргі кәсіби рекорды — 25 жеңіс, 8 жеңіліс. Оның айтуынша, ол мансабын 30 жеңіске жеткеннен кейін де аяқтауы мүмкін.

«Менің мансабым 36 жасқа дейін жоспарланған. Одан кейін жалғастырудың мәнін көрмеймін, тіпті жақсы формада болсам да. Ең бастысы — денсаулықты сақтау. Қазір мақсат өзгерген жоқ: 30 жеңіс немесе 36 жас. Қайсысы бұрын келсе, соған қарай шешім қабылдаймын. Бұл ММА туралы. Ал боксқа қатысты қызықты ұсыныстар түссе, оны қарастыруға дайынмын», — деді Рафиков подкаст барысында.

Соңғы жекпе-жегін ол 24 сәуір күні Ресейдің Ростов-на-Дону қаласында өткен Fight Nights 136 турнирінде өткізді. Ол кезде қазақстандық спортшы ресейлік Андрей Гончаровқа төрешілердің бірауызды шешімімен есе жіберген еді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан