4 күн бұрын
Қазбек Сағын: «Торда шоу көрсетемін»
Қазақстандық ММА жауынгері Қазбек Сағын Чжоу Веньюньмен өтетін жекпе-жек туралы пікір білдірді.
Naiza 83 турнирінің алдында Сағын алдағы айқасқа тыңғылықты дайындалғанын айтты.
— Мен бұл жекпе-жекке өте байыппен қарап отырмын. Алғашқы секундтардан бастап қысым жасап, мерзімінен бұрын жеңуге тырысамын. Торда оған қалай әдемі әрі дұрыс жұдырықтасу керектігін көрсетемін. Жылдамдық өте жоғары болады, сондықтан жыпылықтамаған дұрыс. Жанкүйерлерге шоу көрсетіп, титулдық айқасқа қайта оралғым келеді, — деді ол.
Айта кетейік, Қазбек Сағын мен Чжоу Веньюнь арасындағы жекпе-жек 23 мамыр күні Алматыда өтетін Naiza 83 турнирінің басты кардында өтеді. Жеңімпаз лига чемпионы атағына үміткер болады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан