Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Қазақстандық файтер UFC BJJ-де алғаш рет өнер көрсетті

Қазақстандық файтер UFC BJJ-де алғаш рет өнер көрсетті

Қазақстандық спортшы Азамат Бақытов АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC BJJ 8 турнирінде өнер көрсетті.

Қазақстандық файтердің UFC BJJ лигасындағы алғашқы қарсыласы аустралиялық Томас Дэвид болды. Бұл жекпе-жек қос спортшы үшін де дебюттік кездесу саналды.

Орта салмақта өткен белдесу қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталмай, кездесу тең нәтижемен аяқталды.

Айта кетейік, UFC BJJ — 2025 жылдың маусым айында іске қосылған UFC ұйымының еншілес лигасы. Мұнда сабмишн-грэпплинг бойынша жарыстар өткізіледі. Азамат Бақытов — осы жобаға қосылған Қазақстан мен ТМД елдерінен шыққан алғашқы спортшы.

ММА-дағы мансабында Бақытов 9 жеңіс, 0 жеңіліс көрсеткішіне ие. Сондай-ақ ол стильге қарамастан балуандар арасында өтетін Nomad Wrestling турнирінің екі дүркін чемпионы атанған.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан