3 күн бұрын
Конор Макгрегор Ресейде жекпе-жек өткізуі мүмкін
Аты аңызға айналған UFC файтері Конор Макгрегордың Ресейде айқас өткізуі мүмкін.
Ұйымдастырушы Владимир Хрюновтың айтуынша, қазіргі уақытта Макгрегордың менеджментімен келіссөздер жүріп жатыр. Жекпе-жек форматы әлі нақты бекітілмеген — бокс та, ММА да қарастырылуда.
— Бұл күзге жоспарланған. Қазір келіссөздер жүріп жатыр. Формат ретінде бокс та, ММА да қарастырылып отыр. Бұл үлкен қаржы және қызығушылық бар, — деді Хрюнов.
Айта кетейік, бұған дейін UFC Макгрегордың қайта оралуын ресми түрде жариялаған еді. Оның келесі жекпе-жегі Макс Холлоуэйге қарсы 12 шілдеде Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланған.
Макгрегор соңғы рет 2021 жылдың шілдесінде Дастин Порьеге қарсы жекпе-жек өткізіп, аяқ сүйегі сынуына байланысты жеңіліс тапқан болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан