2 күн бұрын
Шавкат Рахмонов қашан оралады?
Эдуард Базров, қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың бапкері, спортшының қалпына келу процесі туралы ақпарат беріп, оның октагонға оралуының шамамен мерзімдерін атады деп хабарлайды Sport12.kz
«Шавкат Германияда оңалту курсынан өтті. Қазіргі уақытта ол жаттығуларға кірісті. Соққы техникасын жаттықтырып жатыр, физикалық жаттығулар жасайды, көріп жүргендеріңіздей, аяқ бұлшықеттерін күшейтуде. Оның аяқтары жіңішке деген әңгімелер болды. Бұл оның физиологиясы, оның аяқтары әрқашан осындай болған, жарақатқа қатысы жоқ. Ол қалпына келіп жатыр, мүмкіндігі туа салысымен қайта оралғысы келеді. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Жаңалықтар болғанда, UFC ресми түрде жариялайды. Сол кезде біз де қайта шығып, карьерасын жалғастыруға дайын боламыз.
Барлығы спортшының ынтасына, дұрыс құрылған қалпына келу және оңалту процесіне, жаттығу барысына байланысты. Спортшының қалауы маңызды. Шавкат қайта орала алады, ол жеңілмеген файтер, 19-0 көрсеткішін жайдан-жай қалдырмайды деп ойлаймын. Сондықтан оның белбеу жеңіп алу амбициясы болуы керек. Мен оған сенемін, жанкүйерлер де сенеді, ал ары қарай не болатынын бір Жаратушы ғана біледі. Биыл ол октагонға шыға алмайды. Бірақ келесі жылы бәрі жақсы болса, жекпе-жек өткізіп, UFC құрамына қайта оралады деп үміттенеміз», — деді Базров.
Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында октагонға шыққан. Лас-Вегаста өткен UFC 310 турнирінде ол ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыз шешімімен жеңген.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов