Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

“Бұрынғы қарқынына оралу қиын”: Ресейлік спорт сарапшылары Шавкат Рахмоновтың бабына баға берді

“Бұрынғы қарқынына оралу қиын”: Ресейлік спорт сарапшылары Шавкат Рахмоновтың бабына баға берді

Фото:UFC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шакват Рахмонов ұзақ уақытқы үзілістен кейін жаттығуға кірісті. Дегенмен ресейлік спорт сарапшылар Шавкат Рахмоновтың қайта бабын келу қиын екенін айтуда.

“UFC жартылай орта салмақтағы рейтингтің бұрынғы көшбасшысы Шавкат Рахмонов қайтадан жаттығуға кірісті. Бұл, әрине, жақсы жаңалық. Бірақ мұндай ауыр жарақат пен операциялардан кейін бұрынғы деңгейге оралу өте қиын. ММА тарихында медицина спортшыны қалпына келтіргенімен, оның ең үздік формасы мен ерекше шеберлігі толықтай қайтып келе бермейді”, – деп жазды Около ММА телеграм-арнасы.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы айқасын 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде өткізген еді. Ол бұл бәсекеде ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді.

Бірақ осы жекпе-жектен кейін Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты октагонға шықпады. Сол себепті ол жартылай орта салмақтағы UFC рейтингіненде шығып қалды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан