6 сағат бұрын
Жалғас Жұмағұловтың титулдық жекпе-жегі даулы жағдаймен аяқталды
Фото:UFC
Қазақстандық жауынгер Жалғас Жұмағұловтың чемпиондық белбеу үшін өткен жекпе-жегі даулы жағдаймен аяқталды.
Жалғас Жұмағұлов Словакияда өткен OKTAGON 89 турнирінде бразилиялық Игор Севериномен күш сынасты.
Бастапқыда бұл айқас бес раундқа жоспарланған еді. Алайда екінші раундта бразилиялық спортшы Жалғас Жұмағұловтың шап тұсына соққы жасап, жекпе-жек тоқтатылды.
Игор Севериноның бұл әрекеті ережеге қайшы болғандықтан, төрешілер жекпе-жекті өтпеді деп таныды.
Ал Жалғас Жұмағұловты дәрігерлер қарап шыққаннан кейін, бәсекені жалғастыруға болмайды деген шешім қабылданды.
Айта кетейік, егер Жалғас Жұмағұлов бұл жекпе-жекте жеңіске жеткен жағдайда, ұйым тарихында екі бірдей салмақта чемпион атанған жауынгерлер қатарына қосылар еді.
Жалпы, Жалғас Жұмағұлов кәсіби мансабында 28 жекпе-жек өткізіп, оның 19-ында жеңіске жетіп, 9 рет жеңілген. Ал оның қарсыласы Игор Северино 11 жекпе-жек өткізіп, 10 рет жеңіске жетсе, 1 мәрте жеңілген.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан